Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Халықаралық музей күніне арналған «Музей түні - 2018» интерактивті акциясы

Monday, 21 May 2018
Халықаралық музей күніне арналған  «Музей түні - 2018» интерактивті акциясы

18 мамыр күні бүкіл әлемнің музей қызметкерлері 1977 жылы бекітілген кәсіби мереке – Халықаралық музей күнін атап өтеді. Халықаралық музей кеңесінің Консультативтік комитеті (ИКОМ) 2018 жылы музей күнінің басты тақырыбын «Музей гиперкоммуникация дәуірінде: жаңа тәсілдеме, жаңа аудитория» деп таңдады. Музейге әдеттен тыс уақытта және тосын жағдайда келуге мүмкіндік беретін «Музей түні» мәдени-білім беру акциясы әлемнің 150 елінде өткізіледі.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Музей түні - 2018» акциясы «Рухани жаңғыру» атты жаңа экспозициялық залдың ашылуынан басталды.

«Қала жұмбақтары» атты тарихи квестке қатысушылар экспозиция залдары, музейдің жертөлесі және ішкі ауласы мен жақын орналасқан сәулеттік ескерткіш ғимараттары бойынша тартымды саяхатқа қатысты.

Қостанайлық ЭМБ бірлескен «Кавказ серуені» атты көркем-сазды-танымдық жоба ұмытылмас әсер сыйлады. Бұл ерекше түнде балалар мен ересектер «Үй иесінде қонақта» және «Бабалар шеберханасындағы» тас ғасырының аңшыларында болды.

Музей қонақтары киіз үйге кіріп, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы көптеген қызықты деректермен танысып, ыстық бауырсақтан ауыз тиіп, көне ұлттық ойындарға қатысты.

Қостанай тұрғындары мен қала қонақтары жаңа көрмелерді, сондай-ақ музей қорындағы «Құпияны сәйкестендіру» атты интерактивті көрмені тамашалап, өздерін музейдің қор сақтаушысы ретінде жаңа түсімдерді анықтады. Экзотикалық және үй жәндіктерін күту бойынша кеңестерді музейдің Айболит докторы берді.

Музейге келушілерге би марафоны, жанданған картиналар мен тірі мүсіндер, «Қазақ тұлпары» ЖШС-нің аласа аттары және көңілді паровозикпен серуендеу, «Темір түмен» тарихи қайта құру клубының Қостанай бөлімшесі мүшелерімен тілдесу, алау басындағы дәстүрлі әндер, музей «трактиріндегі» шай ішу және тағы басқа шаралар ұсынылды.

Музей түнінің қонақтарына қосымша бонус ретінде балаларға арналған ойын алаңы, музейдің ішкі көрінісінде және музей керек-жарақтарымен селфи және фотосессия жасады.