poster

«Бейбітшілік пен келісім» - Қазақстан халқының рухани келісім күніне арналған әңгіме-сұхбат

2024 жылдың 16 қазанында, Қазақстан халқының Рухани келісім күні қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Бейбітшілік пен келісім» атты әңгіме-сұхбат өтті.

 Іс-шараға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Г.Е. Мендекинова, Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Е.Б. Қалмақов,  сондай-ақ облысымыздың діни конфессияларының өкілдері – Аймағанбет қажы Спанұлы атындағы мешіттің наиб имамы Бақытжан қажы Икрамұлы, Әулие Николай шіркеуінің аға попы Виталий Гуцан, «Рим-Католик приходы «Құдай анасының успениесі» діни бірлестігінің басшысы Подгородецкий Олег Николаевич, тарих ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ қауымдастырылған профессоры Шалғымбеков Айбек Батырханұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері қатысты.

Болмыстың моральдық негіздері, толеранттылық пен өзге ұлт өкілдеріне құрмет, дін бостандығы, ұлттық бірлік, махаббат пен сенім, мейірімділік туралы танымдық әңгіме болды.

Шара соңында қонақтар үшін «Бейбітшілік пен келісім» атты көрме бойынша экскурсия жүргізілді.