Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі
29.08.2024
2024 жылдың 23 тамызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қолмен ұстап көр» интерактивті акциясы өтті. Іс-шара барысында экспозицияда музей қорында сақталған ХХ ғасырдың 50-ші жылдарындағы шаш бұйралағыш ұсынылды. Бұл акция келушілерге осы заттың пайда болу тарихы мен даумын біліп қана қоймай, жәдігерді қолдарымен ұстап көруге мүмкіндік берді.
22.08.2024
2024 жылдың 14 тамызында сағат 10:00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Татарстан суретшісі Арыслан Ибраһимның Қостанай қаласының 145 жылдығына арналған «Көшпелі көрме» атты дербес көрмесінің салтанатты тұсаукесері өтті. Көрмеде автордың акрилмен орындалған туындылары көрсетілді.Оның «Татар Джокондасы», «Михайловтың портреті», «Гамованың портреті», «Татар шайы» атты туындылары өте танымал. Оның «Алға! Спорт аңыздары» суреттер топтамасы Набережные Челны қаласының көркемсурет галереясында тұрақты көрмеге, «Еңбек адамдары» туындысы Татарстан Республикасының Ұлттық музейіне қойылған. Шығармашылығындағы негізгі бағыт - татар және жалпы түркі тақырыптарын жетілдіру. Суретші А.Ибраһим Қазақстан бойынша Астана, Петропавл, Семей, Павлодар қалаларында бірқатар көрмелерін өткізіп үлгерді және қазір өзінің айтулы мерейтойында Қостанайда ашылды.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде А.И. Никифоров атындағы өнер мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне және Л.И. Русин атындағы өнер мектебінің мұғалімдері үшін танымал суретшілердің шеберлік сабақтары өтті.
13.08.2024
Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері сити-орталықта Қостанай қаласының 145 жылдығына орай «Қостанай балалар көзімен» атты балаларға арналған викторина-ойын өткізді. Ойын барысында оқушылар қызықты тапсырмаларды орындап, өлкеміздің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін сынады. Қызметкерлер сұрақтармен қатар, қаланың сәулет құрылыстары мен белгілі тұлғалардың тарихына тоқталды.