poster

«Сіз - өз еліңіздің азаматысыз» тақырбындағы дәріс

2024 жылғы 29 тамыз күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық және мәдени білім беру жұмыстары бөлімінің экскурсия жетекшісі  Мұханбетқали Т.З. ҚР Конституциясы күніне арналған «Сіз - өз еліңіздің азаматысыз» тақырбында дәріс өткізді. Дәріске ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет басқармасы, Қостанай қаласы филиалының жеке құрамы мен Қостанай облыстық Полиция Департаментінің қызметкерлері қатысты. Дәріс барысында тыңдаушылар Конституцияның маңыздылығы мен Заңға енгізілген өзертулер мен толықтырулар жөнінде ақпарат алды, сондай-ақ дәріс тақырыбы бойынша дайындалған көрмемен танысты.