poster

Қозыбаев Манаш

2024 жылдың 31 шілдесінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Дина Молдашова «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Манаш Қозыбаев жайлы әңгімеледі. Қалың көрерменге Манаш Қабашұлының музей қорынан алынған фото-құжаттары, кітаптары көрсетілді.