poster

Қол-қағыс

2024 жылдың 26 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залына келушілер «Қолмен ұстап көр» интерактивті акциясына қатысты.
Іс-шара барысында экспозицияда музей қорында сақталған түбіт пен жүн, зығырды қолмен тарауға арналған тарақтар ұсынылды. Бұл акция келушілерге музей қорында сақталған тарақтардың жасалуы, қолданылуы туралы біліп қана қоймай, жәдігерлерді қолмен ұстап көруге мүмкіндік берді.