poster

«Көктем әуені» - Халықаралық құстар күніне орай музейлік сабақ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің өлке табиғаты мен экологиясын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері 1 сәуір күні №1 ОМ оқушылары үшін ұялау орындарына оралатын жыл құстарына арналған «Көктем әуені» атты іс-шара өткізді. Оқушылар жыл құстарының сыртқы сипатымен, мінез-құлық ерекшеліктерімен танысып қана қоймай, сонымен қатар біздің «қанатты достарымыздың» әуезді әндерін тыңдады.