poster

«Музямен музей бойынша» квест-ойыны

Бүгін Қостанай қаласының №11 мектебінің оқушылары үшін "Музямен музей бойынша" квест-ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар жұмбақтар шешіп, пазлдар жинап, қызықты музей заттарымен танысты, іздер мен дауыстар бойынша жануарларды анықтады. Қоян қалдырған тапсырмаларды орындай отырып, бірінші сынып оқушылары туған өлкенің тарихымен және табиғатымен танысты. Ойын соңында әр қатысушы сертификат және тәтті сыйлықтар алды.