(1943 ж., Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Демьянов ауылы-2017 ж. Қостанай) - механизатор, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері.1962 жылы 19 жасында трактор тізгініне отырды. Еңбек жолын Ұзынкөл элеваторынан жұмысшы болып бастаған. Меңдіқара ауданының Харьков кеңшарында ұзақ жылдар механизатор болып еңбек етті. Қазақ қыздарының ішінен алғаш «Кировец» тракторын меңгерді. 1972 жылы Ленин орденімен алғаш рет марапатталды. Ерен еңбегі үшін 1975 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы және Ленин ордені қоса берілді. 1976 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері атанады. Қазақ қыздарының ауыл шаруашылық техникаларын меңгеруіне үлгі-өнеге болды.
КОКП-нің XXV, XXVI, XXVII съездеріне делегат болып сайланды, КОКП Орталық Ревизиялық Комиссиясының мүшесі, КСРО Жоғары Кеңесінің Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды.1981 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жастар ұстазы» құрметті атағы берілді. Қостанай қаласының, Қостанай облысының құрметті азаматы.
К.Б.Дөненбаева облысымыздың және республикамыздың ауыл шаруашылығының дамуына зор үлес қосты. 2018 жылы Қостанай облысындағы Боровской кәсіптік-техникалық колледжіне К.Дөненбаеваның есімі берілді.