Жаңа жылдық таңғажайып

Жаңа жылдық таңғажайып

Жаңа жылдық мерекелер! Тілек тілеп, ғажайыпқа деген сенім мерзімі.

Жылында бір келетін мерекені атап өту дәстүрі ондаған жылдардың ішінде өзгерді. Сондай-ақ, жаңа жылдық сауық-сайранның айнымас белгілері әрдайым шыршаны безендірген ойыншықтар өзгерді, әрине, басты кейіпкерлері Аяз ата мен немересі Ақшақар мүсіні де өзгере түсті.

Балалық шақты еске алсақ, шырша түбінде мақтадан, картоннан немесе пенопластан жасалған Аяз ата мүсіні тұрушы еді, ал оның жанынан балалар өздерінің көптен күткен сыйлықтарын табатын. Олар әр алуан, бірақ бала үшін ең сүйікті еді. Кейде Аяз ата жанынан Ақшақар да табылатын.

1910 жылға дейін Аяз ата бала санасында аса дерексіз бейне ретінде қалыптасқанын көпшілік біле бермейді. Ауыз әдебиетіндегі Аяз алғашқы әдеби өңдеумен Владимир Одоевскийдің «Ириней атаның балалар ертегілері» кітабында берілді. Ақ сақалды қария мұз үйде тұрып, үлпілдек қар мамықта ұйықтайды. Басын сілкілесе, шашынан қырау төгілетін. Алғашында Аяз ата рождестволық және жаңа жылдық мерекелерде шағын шырша ойыншығы ретінде пайда болды. 1936 жылы алғаш рет мектеп шыршалары сюжетке құрылып өткізіле бастады. 1937 жылы қалыптасқан Аяз ата бейнесі пайда болды. Ол ересек балаларға арналған мерекенің «жетекшісі» рөлін атқарды. Ал балалар бақшасындағы мерекелерде Ақшақар пайда болды, себебі жас тәрбиеленушілер Аяз атадан үрейленіп, ұғына қоймайтын. Олардың арасын немересі Ақшақар жылы шыраймен байланыстырды.

Көрмеде 100-ге жуық жәдігерлер – 1950-1970 жылдардан сақталған ертегідегі Ата мен Ақшақар бейнелері, пошта ашық хаттарының жиынтығы, шырша ойыншықтары мен гүлалқалар ұсынылған.

Көрмеде ұсынылған ең көне Аяз Атаға 62 жыл, 1954 жылы Ресей фабрикаларының бірінен шығарылған. Кеңестік Аяз Атаның киімдерін папье-машеден жасады. ХХ ғ. ортасына дейін барлық кейіпкерлер қолдан әшекейленіп, дараланып тұратын, олар суретшіге тікелей байланысты еді. Оларды кейіннен пластмассадан жасаған ойыншықтар алмастырды.

«Жаңа жылдық таңғажайып» көрмесі - Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен жеке коллекция жинаушы Вениамин Владимирович Цызбен бірлескен жоба. Коллекционер ойыншықтарды Қазақстан бойынша жинақтайды, кейбірін Ресейден достары тарту еткен. Вениамин Владимировичтің жиынтығында 30-дан астам ойыншықтар бар, оның басым бөлігін мұражайдан көруге болады. Вениамин Владимирович Аяз ата мен Ақшақарды ғана емес, өткеннің белгісі және балғын балалық шақтың естеліктері ретіндегі байырғы шырша ойыншықтарын да жинайды.

Галерея изображений

photo26112015_01.jpg photo26112015_02.jpg photo26112015_03.jpg photo26112015_04.jpg
3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін28   Кеше78   Бір аптаның ішінде193   Айында1727   Барлығы169745  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі