Михаил Саввич Яровой (1925 - 2007)

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Социалистік Еңбек Ері және Даңқ орденінің толық иегері
Михаил Саввич Яровой
(мұражай қорындағы жеке басының шығу тегі туралы комплекстен)
Т І З Б Е
Қостанай, 2009

Ең жоғарғы жауынгерлік награда – Даңқ ордені. Осы үш дәрежелі орденнің толық иегерлері Кеңес Одағының Батыры атағына теңестірілген, сондай Даңқ орденінің толық иегері белгілі қостанайлық егінші Михаил Саввич Яровой.

Яровой Михаил Саввич 1925 жылы 15 желтоқсанда Украина КСР Винницк облысының Могилев-Подольский ауданының Садки селосында дүниеге келген.

Ол бала жасынан шаруа еңбегіне үйренген. Сондықтан әкесі қайтыс болғанда сегіз жасар Миша отбасында бас көтерер азамат ретінде анасына екі бауырын тәрбиелеуге көмектесті.

1938 жылы 5 сыныпты аяқтап, ұжымшарға жұмысшы болып кірді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Михаил Саввич он алты жаста болатын. Михаил Яровой әке-шешесімен тұрған Садки селосы Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап гитлершілердің қолында болды. Селоны немістер басып алғаннан кейін ол орманда партизан болды. Жаулар басып алған аумақта Михаил үш жылдай тұрды.

Босағаннан кейін, оны 1944 жылы наурызда далалық әскери комиссариат Кеңес Армиясына шақырды. Ол 93 атқыштар дивизиясының 285 атқыштар полкінде пулеметші, пулемет бөлімшесінің командирі болды.

Алдыңғы шепте барлығы бір жыл екі ай ғана болды. Майдандағы үшінші күні пулеметтен атуды үйреніп, түстен кейін алғашқы шабуылға шықты. Кешке қарай жаңа шабуыл.

Михаил Саввич майданда фамилиясын да өзгертті. Жауынгер үшін оның Смерть деген фамилиясы өте қорқынышты еді. Командир жас жауынгерге оны жақсы «астықты» фамилия Яровойға өзгертуге кеңес берді, жас жауынгер келісіп, барлық құжаттарын өзгертті.

Яровой жаудың Ясско-Кишиневтағы ірі қолын қоршау және жою кезінде өзінің зеңбірегімен жаудың екі автомашинасын толығымен жойып, ротаның алға жылжуына жол ашты. Осы шайқас үшін ол ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Зеңбірекші Яровой әскери шеберлігін Венгрия аумағында да көрсетті. Бұл жерде Михаил өзінің зеңбірек бөлімшесімен қаланың шетін бірнеше сағат жаңа күш келгенше ұстап тұрды. Осы шайқас үшін Яровой ІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Сцинциндорф (Австрия) деревнясының жанындағы шайқаста Михаил Яровойдың зеңбірекшілері жәрдем беріп тұрған жауынгерлердің шағын тобына бөлімшелер келгенше мұнай мұнарасын ұстап тұруға бұйрық берілді. Ұрыс бірнеше сағатқа созылса да тапсырма орындалды. Шайқастағы шеберлігі мен табанды шешімдері үшін командование Яровойды І дәрежелі Даңқ орденімен марапаттауға ұсынды. Оған І дәрежелі Даңқ орденін 1950 жылы Винницк әскери комиссариаты тапсырды.

Михаил Яровой жеңісті Праганың түбінде қарсы алды. Көптеген жауынгерлер соғыс аяқталғаннан кейін босатылған аумақтарда қалды. Кейбіреулері үйлеріне пойызбен оралды. Ал, Михаил Саввич үйіне дейінгі 2500 шақырымды жаяу жүріп өтті. Ол қызмет еткен дивизияға үйге дейін жаяу жүріп өту бұйрығы берілген болатын.

Армияда тағы төрт жыл қызмет істеп, ол туған селосына оралды. Оған дейін Украинаның берекелі жеріндегі соғыс жарақаты жазыла бастағаны байқалады. Село тіршілігі күн сайын жақсара түсті. 1950-1953 жылдары Михаил Яровой Винницк облысының кеңшарында тракторшы болып істеді.

Ел тарихындағы елеулі оқиға тың көтеру болды. Сонау 1954 жылы 40-тан астам ұлт өкілдері Қазақстанның ақ селеулі даласын астықты өлкеге және гүлденген баққа айналдыруға келген болатын.

Қазақстанға тыңайған жерлерді игеруге комсомолдық жолдамамен Михаил Саввич Яровойда келді.

1954 жылдан бастап Боровской ауданының Татьяновка кентінде механизатор болып еңбек етті, кейін кент Қостанай облысы Боровской ауданының «Борковский» (Тыңның 25-жылдығы атындағы кеңшар) кеңшарының бөлімшесі болды. Михаил Саввич қарапайым тракторшы-комбайншының жұмысын атқарды: тыңды көтерді, топырақ өңдеді, септі, астық жинады, соның бәрін ерекше ықыласпен, мол қажыр-қайратпен істеді.

Көптеген ауыл шаруашылық машиналарын жақсы меңгерген М.С.Яровой тәжірибесімен жастармен бөлісті. Оны қай уақытта болса да қайнаған еңбек ортасынан көруге болатын еді.

Михаил Яровойға «Еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері» атағы берілді.

Сегізінші бесжылдықты және қабылданған социалистік міндеттемелерді табысты орындағаны үшін бейбіт өмірде де ең жоғары марапат жасалып, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығымен Яровой Михаил Саввичке Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені мен «Орақ пен Балға» Алтын медалі тапсырды.

Даңқ орденінің толық иегері және Социалистік Еңбек Ері КСРО-ның сегіз медалімен марапатталып, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері атағына ие болды. Ол аудандық және облыстық партия конференцияларына, Қазақстан Компартиясының ХІІІ съезіне делегат болып, облыстық халық депутаттары Кеңесіне депутат болып сайланды.

1984 жылы М.С.Яровой Қостанай қаласына қоныс аударды, ауыл шаруашылығы институтында (ҚМУ) комбайн мен «Кировец» тракторларын жүргізу құқығымен оқу паркінің машина ауласының меңгерушісі болып қызмет істеді. Михаил Саввич студенттік механизаторлар отрядының құрметті нұсқаушы-тәлімгері болып бекітілді.

М.Яровой Қостанай ауыл шаруашылық институтында 2000 жылға дейін еңбек етті. Өмірінің соңғы жылдарында қоғамдық өмірде, жастарды патриоттық тәрбиелеуге белсенді араласты. 2005 жылы Тыңның 50 жылдығына орай медальмен марапатталды.

Михаил Саввич Яровой – Қазақстандағы Даңқ орденінің толық жалғыз иегері және Социалистік Еңбек Ері, ол 2007 жылы 18 шілдеде Қостанай қаласында қайтыс болды.

Топтастыру

I. Құжаттар

  • 1. Куәлік
  • 2. Открыткалар, алғыс хаттар, шақырулар
  • 3. Газетке басылған мақалалар

II. Фотосуреттер

  • 1. Фотосуреттер
  • 2. Негативтер

III. Наградалары

  • 1. Ордендер мен медальдер.
  • 2. Белгілер мен төс белгілер.
3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін35   Кеше116   Бір аптаның ішінде999   Айында1956   Барлығы172401  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі